Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда оқушылардың қалжыңы үшін ата-аналары 17 млн теңге айыппұл төлейді

0 2  215

Таразда мектепке оқушылары полицияға бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, егер оларға 10 млн теңге төленбесе, балалар мектепті жарып жіберетінін мәлімдепті.

Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат берген сегізінші сыныптың екі оқушысын анықтады.

Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, олар 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.