Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ішіне жын кірген сарбаздың видеосы жұртты шошытты (видео)

0 46  135

Әлеуметтік желіде ішіне жын кірген сарбаздың видеосы тарады. Онда қаруластары жас жігіттің қолын қайырып әрең ұстап отыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап.

Facebook желісінде тараған видеодан жас сарбаздың қатты айқайлап, қасындағы қаруластарын танымай жатқанын аңғаруға болады. Екі қолын орындыққа қайырып ұстаған жігіттер кәлимәні айтып жын кірген жігітті сабасына түсіргісі келеді. Бірақ ол оңайшылықпен көнбей жатыр.

Желі қолданушылары «психикасында ақау болса неге әскерге жіберген», «ішіне жын кірген» деген секілді түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Express Qazaqstan бұл мәселені назарда ұстайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.