Қалалық қоғамдық-саяси газет

5 613 алматылық көшеде түкіргені үшін жауапқа тартылды

0 1  317

Алматы қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев тұрғындардан қоғамдық тәртіпті бұзған, ластағаны туралы фото, видеоларды 102 қосымшасы арқылы жіберуге шақырды деп хабарлады turkystan.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қосымшада тәулік бойы 20 оператор бейне қоңырау, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Нәтижесі, қоғамдық тәртіпті бұзған адамға қолданған жаза фото, видео жіберген авторларға хабарланады. Жыл басынан бері 500-ге жуық хабарлама келді. Оның ішінде, түкірген 5 613 адамды әкімшілік жауапқа тартты», – деді Ержан Ұзабаев.

Оның айтуынша, биыл 7 айда қаланы абаттандыру ережелерін бұзған 17 152 дерек, қоғамдық орында ішімдік ішкен11 481 дерек, тыныштықты бұзған 5 494 дерек, тыйым салынған жерде темекі шеккен 3 077 дерек тіркелді. Сондай-ақ 505 заңбұзушылық анықталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.