Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәмелетке толмағандардың құқығы заңмен қорғалады

0 1  634

Уақытша жұмысқа орналасқысы келетін білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері үшін қолданыстағы заңнаманың кейбір талаптарын білу қажет.
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қызметкерлердің, оның ішінде он сегіз жасқа толмағандардың еңбек тәртібін реттеу ерекшеліктері айқындалады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31 бабының 2 тармағына сәйкес орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен; оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен; кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандардың жұмысын түнде, ауыр жұмыстарда, денсаулығына зиян келтіруі және олардың моральдық дамуы мүмкін зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады (құмар ойындар, түнгі ойын-сауық, алкоголь және темекі өнімдерін өндіру, тасымалдау және сату).
Он төрт жасқа толған және жетпеген азаматтармен еңбек шартын жасасу жұмыстары оқудан бос уақытта өткізілетін жағдайда олардың денсаулығы мен моральдық дамуына зиян келтірмейтін және оқу үдерісін бұзбайтын жағдайда жүзеге асырылады.
Еңбек шарты он алты жасқа толмаған адамдармен еңбек шартын жасау кезінде оның еңбек шартына ата-анасының, қорғаншысының, қамқоршысының немесе оның заңды өкілдері болып табылатын асырап алушының ата-анасымен қол қою керек.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар баланың заңды өкілдері ретінде танылады.
Кәмелетке толмағандармен жасалған еңбек шарты қысқартылғын жұмыс уақыты көзделеді. Он төрт он алты жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақыты аптасына 24 сағаттан аспайды, ал он алты жастан он сегіз жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспайды, сонымен қатар, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің жиынтық жұмыс уақытын (үстеме жұмыс) пайдалану арқылы жұмысқа тартуға жол берілмейді.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 16 бабына сәйкес, әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар.

Елімізде 2002 жылдан бері «Бала құқығы туралы» заң қабылдаған. Заң бойынша, егер ата-ана баласын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін болса, ата-ана құқығынан айырылады. Ал бала еңбегін заңсыз пайдаланған тұлғалар еліміздің Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 86-бабының 3- тармағына сәйкес айыппұл төлейді. Осы орайда, заңды бұзған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 80, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатынын айта кеткен жөн. Егер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн жұмыс беруші бiр жыл iшiнде тағы бір рет бала еңбегін заңсыз пайдаланатын болса, айыппұл мөлшері бірнеше есеге дейін өседі.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек құқықтарын бұзу фактісі туралы, сондай-ақ кеңес алу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекция басқармасына мына мекен-жайға хабарласуға болады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 78, 6 қабат, тел: 43-01-96, электрондық адрес: trudinspek-taraz@mail.ru.

Кураметов Бахытжан Сейтбекұлы,

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.