Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

0 281

Жиын барысында облыс әкімі облыстағы атқарылып жатқан ілкімді істерді тілге тиек етті. Биыл ауыл шаруашылығының өсімі 2,3 пайызды құрайды. Игерілмеген 389,9 га жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Жайылымдық жерлер аумағы да биыл едәуір ұлғайған дейді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Құлан ауылдық округінің де әлеуметтік-экономикалық дамуы баяндалды. Ауылда ағымдағы жылы мал басы өсіп, ет, сүт, егістік өнімдерінің көлемі өскен. 3 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтын 28 жоба іске аспақ. 80 пәтерлі үйдің кілті де табысталды.

Айта кетейік, Бұл аймақ басшысының ауданға алғашқы іс-сапары. Тұрғындар толғандырған көкейкесті мәселелері мен сұрақтарын қойып, шешу жолдарын сұрады. Оның ішінде су мәселесі өзекті болып отыр. Ауылда су ғимаратының құрылысы басталды, келесі жылы толық шешіледі деп жоспарланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.