Қалалық қоғамдық-саяси газет

Газет тарихы

«Жамбыл-Тараз» апталық қоғамдық-саяси газеті алғаш рет 1996 жылдың ақпанында жарық көрді. Газеттің алғашқы редакторы – Дархан Байтуов. Одан соң Болат Бекжанов пен Эльмира Мырза-Ғали басқарған «Жамбыл-Тараз» облыс орталығының айнасына айналды. Газет қазақ және орыс тілдерінде жарық көретін Тараз қаласының алдыңғықатарлы баспасы. Бұл ретте екі тілде шығатын екі басылым бірін бірі қайталамайтын бөлек ақпарат көзі екенін айта кету керек. Яғни тұрғындарға сәрсенбі және жұма күндері өзекті мақалалар ұсынатын жалғыз газет.

2012 жылы «Жамбыл-Тараз» республикалық «Алтын көшбасшылар» жобасында үздік баспасөз құралы болып танылды. 25 жылдық тарихында газет қалалық және облыстық әкімдіктердің көптеген дипломдары және грамоталарымен марапатталған. Редакция ұжымы әрдайым өзекті һәм ой саларлық мақалалар ұсыну үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Сондай-ақ, редакция жанынан «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі құрылып, жаңадан сайты жасақталды. Қазіргі уақытта агенттікте арнайы құрылған топ жедел әрі сенімді ақпарат тарату мақсатында жүйелі жұмыс істеуде.