Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әділетті қоғамның парасатты жастары» тақырыбында адалдық сағаты өтті

0 353

1 қыркүйек – білім күніне орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылық құрамы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттерімен адалдық сағаты аясында лекция өткізді.
Лекция М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде және Жамбыл медициналық колледжінде өтті.
Лекция барысында әділетті қоғам құру жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеті тілге тиек етілді. Себебі заман талабына сәйкес өскелең ұрпақтың тек білімді әрі тәрбиелі болуы жеткіліксіз. Білім ұйымдары жастардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық қасиеттерін дарытып, саналы ұрпақ қалыптасуына бар күш жігерін салуы керек, сонда ғана елімізде ҚР Заңдары сақталатын, құқықбұзушылықтарға жол берілмейтін адал орта қалыптасатын болады. Лекция барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойып, әділетті қоғам қалыптастыруға атсалысатындарын жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.