Таразда мектепке оқушылары полицияға бомба қойылғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, егер оларға 10 млн теңге төленбесе, балалар мектепті жарып жіберетінін мәлімдепті.
Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат берген сегізінші сыныптың екі оқушысын анықтады.
Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, олар 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.