Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Балалардың есімін әріп пен реттік нөмірге ауыстырып қойған»: Желі қолданушылары жаңа ақпаратты талқылауда

0 641

«Біздің Алматыдағы №87 мектепте екі аптадан бері оқу ордасы тарапынан озбырлық орын алып келеді. Балаларды енді аты мен тегі бойынша емес, тек әріп пен санмен атайтын болады. Мен бүгін ғана қызымды Б5 деп атайтынын білдім. Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің нөмірлерін жатқа біледі. Менің қызым айтылған сөздің өзінің жаңа есімі екенін білмеген. Балалардың өз есімі енді жоқ. Масқара!» – делінген хабарламада.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының Білім басқармасы жоққа шығарды.

«№87 мектепте оқушыларды әріппен және санмен атайды деген ақпаратқа байланысты фактілерді тексеру кезінде бұл ақпарат расталған жоқ», – деді Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы Қуандық Ешімет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.