Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған бала көліктің жүксалғышынан табылды

0 3  027

Тексеру барысында көлік жүксалғышынан із-түзсіз жоғалған бала әкесінің киіміне оранып, ұйықтап жатқан жерінен табылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

30 қыркүйекте ер адам полицияға 2009 жылы туған ұлының жоғалғанын айтып, шағым түсірген.

Айтуынша, ұлы 29 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Жасөспірімді іздеуге жедел тергеу тобы, ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторлары жұмылдырылған.

Полиция қызметкерлері ең алдымен жақын маңдағы аумақ пен аулаларды қарап шыққан. Содан соң  аулада тұрған жоғалған баланың әкесінің бұзылған көлігін тексерген.

«Полиция көлікті тексеруге шешім қабылдады. Тексеру барысында көлік жүксалғышынан із-түзсіз жоғалған бала әкесінің киіміне оранып, ұйықтап жатқан жерінен табылды», – делінген хабарламада.

Жеткіншектің денсаулығы тексеріліп, ата-анасына тапсырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.