2025 жылдың 4 маусымында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік рәміздер — ел егемендігінің басты белгілері. Бұл күні шекара ведомствосының жеке құрамы Мемлекеттік Туды көтеріп, Әнұранды бірлесе орындады. Іс-шара барысында қызметкерлерге Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Салтанатты жиында департамент бастығы полковник Гани Абдрасулович Бекмурзаев сөз сөйлеп, шекарашыларды мерекемен құттықтап, Отан алдындағы адал қызметтің ел тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.
Бұл шара жас буынның бойында елге, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға, әскери-патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.