Қалалық қоғамдық-саяси газет

ТАРАЗДА «ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ 2023» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

0 236

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Арманбек Баймурзин, Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жұбайы, Жамбыл облысы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Гулжамал Тажиева, байқау қатысушылары мен қонақтар «Жеңіс» саябағында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүлшоқтарын қойды. Өзге облыстардан келген қатысушыларға «Даңқ» залындағы көрме таныстырылды.

Салтанатты ашылуында Арманбек Баймурзин, Қазақстан Республикасы ІІМ Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар департаментінің бастығы, полиция полковнигі Альбина Махамбетова сөз сөйлеп, байқауға қатысушылардың реттік жеребесі тартылды.

Шығыс Қазақстан облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағы рота командирінің орынбасары Бунин пікірінше Тараз қаласына бірінші рет келіп отыр.

Сайысқа дайындық керемет. Жеңіс үшін келдік. Негізі тақырып, Абай туралы, Абайдың қара сөздері. Соған дайындалып келдік. Осы байқау 2009 жылдан бастап өтіп келеді. Біздің облыс жылда қатысады. Мен өзім 2018 жылдан бастап сайысқа қатысып келемін. Бұрын Петропавл қаласынан алдық. Және Талдықорғаннан алдық. Талдықорғанда номинация алдық. Петропавлда үшінші орын алдық. Иә басқа қатысушылармен достық қарым қатынастамыз деді.

Жыл сайын өтетін аталмыш байқау ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілдің мәртебесі мен полицей мамандығының беделін арттыруды көздейді. Дәстүрлі байқау бұған дейін елiмiздiң 13 облысында өткiзiлдi. Биылғы жылы жеребе бойынша полиция қызметкерлері шығармашылық таланттарын танытуға киелі Әулиета жерiнде бақ сынайды.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкері Ахмет Құмқожаевтын айтуынша:

Ұйымдастырылып жатқан “Парасатты полиция” байқауы 2014 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Мен бұл байқауға бірінші рет қатысуым. Және Тараз қаласына алғаш келуім өте ұнап жатыр. Бәрі керемет. Жоғары деңгейде өтіп жатыр көп рахмет.
Парасатты полиция байқауының мақсаты Отансүйгіштікті күшейту және өскелең ұрпаққа осы патриоттық сезімді дәріптеу деп ойлаймын.

Байқау Тараз қаласының “Баласағұн” орталық концерт залында 2023 жылдың 4 қыркүйек күні өткізiледi.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.