Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ардагерге аудан әкімі көңілді кеш ұйымдастырды

0 729

Ел азаматтары сонау қасіретті жылдары тұтанған алаудың сөнгеніне 76 жыл өтсе де, әлі күнге дейін қыршыннан қиылған боздақтарын есінен бір сәтке де шығарған жоқ. Отбасын отағасынан, анасын баласынан ажыратқан қысылтаяң кез сыр сандықта ақтық дем қалғанша сақталары шүбәсіз,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz » ақпарат агенттігі .

Күні кеше перзентін құшағына басып, маңдайын иіскеген оғландарымыз қас-қағым сәтте дархан даланың шайқас алаңынан бір-ақ шықты. Ұлтының болашағы үшін жанын садаға етіп, қасық қаны қалғанша күресті олар. Жүрекке жебесін, санаға салмағын артқан аласапыран жылдардың шоғы әлі де маңайына жан жуытпайды. Ал жыл өткен сайын ерлерге деген құрмет арта түскенімен, олардың да қарасы арамыздан жәймен сөніп барады. Мына біз, кейінгі ұрпақтың өкінетініде осы.

Бүгінде ауданымызда Тәуелсіздіктің 30 жылдығының куәгері болған Ұлы Отан соғысының ардагері Қасен ата Шанбаев қана қалып отқаны көңілге қаяу ұялатады екен. Жасы тоқсанның тоғызына аяқ басқан ердің есінде бәрі бар. Ал аудан жұртшылығының отқа кеудесін тосқан ардагерге деген ықыласы тым бөлек

Біз бұған 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында ардагерді арнайы құттықтай барған аудан әкімі Сәкен Арубаевтың сый-құрметінен анық аңғардық.

Бұл жолғы құттықтаудың өзгешелігі – ардагердің үйіне аудан өнерпаздары сонау зұлматты жылдарды еске түсіретін әуендерді кемеліне келтіре шырқап, қарияның көңілін көтертті. Аудан басшысы ардагерді осы кешті арнайы ұйымдастырылғанын айтып, сый-құрмеи көрсетті

(С) Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.