Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті

0 352

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Қазақстандағы алғашқы «Менделеев сыныптары» жобасының тұсаукесері өтті.

«Менделеев сыныптары» жобасы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісім аясында жасалып отыр.

Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының химия саласы үшін болашақ кадрларды даярлаудың барлық кезеңдерінде химия мен математиканы оқыту деңгейін арттыру.

Жобаны іске асыру 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: білім-ғылым-өндіріс.

«Менделеев сыныптары» білім беру жобасы жалпы білім беретін мектептердің 10 және 11 сынып оқушыларына арналған және химия мен математика бойынша оқу бағдарламаларын тереңдетіп оқытуды көздейді.

Жоба аяқталғаннан кейін қатысушылар Дулати университеті мен Д. И. Менделеев атындағы РХТУ қабырғасында сапалы химиялық-технологиялық білім алуға бірегей мүмкіндік алады.

Шарада «Менделеев сыныбы» жобасының алғашқы қатысушылары салтанатты түрде ант қабылдады. Тик-ток әлеуметтік желісінде үлкен танымалдылыққа ие болған химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, құлшынысын арттыру жайлы шеберлік-сағатын өткізді.

Жобаның ашылу салтанатына Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің, «ҚазФосфат» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылары, студенттер және Тараз қаласы мектептерінің оқушылары қатысты.

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.09

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.10

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.11

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.11 1

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.12

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.12 1

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.13

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.14

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.14 1

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.15

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.41.15 1

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.52.15

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.52.15 2

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.52.15 3

WhatsApp Image 2023 10 07 at 16.56.01

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.