Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің бұйрығымен Тараз қаласы Полиция басқармасы 1-полиция бөлімінің бастығы лауазымына Алиев Нариман Көкішұлы тағайындалды.
Полиция полковнигі Нариман Алиев ішкі істер органдарындағы қызмет жолын 1993 жылы патрульдік қызметтің милиционері лауазымынан бастаған. Сондай-ақ түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған, тергеу, жедел қызметтерде тәжірибесі мол қызметкер.
Қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасында қызмет атқарды.
Рахманбек Дінасыл
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
журналистика мамандығының 4 курс студенті