Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зейнетақы мен жәрдемақы жүйесін жетілдіру шаралары жалғасуд

0 508

  «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облыстық филиалы арқылы 263 409 зейнетақы және жәрдемақы алушыға республикалық бюджеттен 205,2 млрд. теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 34 173 алушыға 17,5  млрд.теңге төленді. Зейнетақы және жәрдемақы төлемдері екінші дәрежелі банктер мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелерімен ай сайын уақытылы жүзеге асырылуда.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында ведомство филиалы директорының орынбасары Мұхтар Алимбетов айтты. Ол өткен жылы әлеуметтік еңбек саласы бойынша 115 795 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін де мәлімдеді. Оның 11 797-сі электрондық үкімет порталы арқылы, 78 257-сі корпорация мамандары, 3 344-і медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімімен, 538-і жұмыспен қамту орталығы арқылы, қалғаны проактивті түрде жүзеге асқан.

«Бүгінде елімізде зейнеткер жасындағы азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік және зейнетақы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ, балалы отбасыларды және азаматтардың осал санаттарын қолдау жөніндегі шараларды күшейту сияқты зейнетақы жүйесінде бірқатар жаңғырулар мен әлеуметтік еңбек саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жасалуда. Бұған дейін, зейнетақы және жәрдемақы төлемдеріне өтініш беру тұрғылықты мекен-жай бойынша болса, бүгінде пилоттық жобада экстерриториялық құжат қабылдау іске қосылды, яғни аталған жәрдемақы мен зейнетақы төлемдеріне өтінішті кез келген өңірден тұрғылықты мекен-жайға қарамастан қабылдана береді», – деп түсіндірді спикер.

Мұхтар Сембекұлы тұрғындарды ұялы телефон нөмерлерін мобильді азаматтар базасына тіркеу арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға шақырды. Бұл ең алдымен, уақытты үнемдейді және көпшілік шоғырланған жерге бармай денсаулықты сақтаудың кепілі екенін ескерген жөн.

 

Аружан ТЫНЫШБАЙ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
журналистика мамандығының 4 курс студенті

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.