Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

0 556

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің келісімі бойынша Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Қордай ауданы Полиция бөлімінің бастығы болып  Қарымсақов Әлімхан Айдарханұлы тағайындалды.

Жаңа АПБ бастығын жеке құрамға Жамбыл облысының ПД бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин таныстырды.

Әлімхан Қарымсақов 1981 жылы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келген, ішкі істер органдарында 2004 жылдан бастап қызмет атқарады.

Осы уақытқа дейін Меркі ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

 

Жұмабай Айнұр
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
журналистика мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.