Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сыбайлас жемқорлықты жою бойынша 118 ұсыным берілді

0 349

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті практикада өзінің тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және мониторинг тетіктерін кеңінен қолданады, – деді департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.

Есепті кезеңде 7 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 8 сыртқы талдау жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 118 ұсыным берілді.

Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын 2 нормативтік құқықтық актіге, атап айтқанда, Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік сатып алудың ашықтығы және осы саланың қызметкерлеріне жәрдемақы төлеу саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта ветеринария, ауыл шаруашылығы, табиғи монополия, Денсаулық сақтау, қоғамдық қатынастар саласындағы нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша 45 ұсыныс қарастырылуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.