Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Отбасы – өмір аясы» тақырыбында инфосабақ өтті

0 380

«Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында 15 мамыр – Бүкіләлемдік отбасы күніне орай отбасылық оқу дәстүрін қайта жандандыру, отбасында туындайтын мәселелердің дұрыс шешімін табу, әртүрлі әлеуметтік сала мамандарынан жауап алу мақсатында «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында инфосабақ өткізілді.
Жиында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының психолог маманы Аида Назымбекова бала психологиясы туралы мағлұмат берсе, әлеуметтік көмек беру бөлімінің бас маманы Мира Шағырбаева көпбалалы, жалғызбасты аналарға мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек жайында хабардар етіп, «Отбасы банкінің» қаржылық кеңес беру бөлімінің маманы Назира Дүкенбаева тұрғын үй алу жолдары туралы ашып айтты.
Шара соңында кітапхана қорындағы отбасы туралы кітаптар мен журналдарға шолу жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.