Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Мамандық таңдау – болашақ таңдауы»

0 524

«Болашаққа жоспар – жаңа оқу орнымен!» жобасы аясында мектеп түлектерді қаламыздағы беделді арнаулы оқу орындармен таныстырып, оларға болашақ мамандық таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 13-16 мамыр 2024 жылы аралығында колледждер апталығы ұйымдастырылды.
Төле би атындағы №8 гимназия, М.Горький атындағы №13, Шерхан Мұртаза атындағы №30 және №15 мектеп-гимназиялардың 9 сынып мектеп түлектеріне қаламыздағы беделді Жамбыл медициналық жоғары колледж, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледж, Жамбыл политехникалық жоғары колледж және «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледждердің мамандары оқу орындары туралы толық ақпарат берді.
Мамандар бейнебаян арқылы колледждердің құрылу тарихынан бастап, колледждің оқыту деңгейлеріне, тыныс-тіршілігіне, мектеп түлектерінің шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш беру мерзіміне тоқталып өтті. Сондай-ақ, колледждердің жатақханаларына, практикалық жұмыстарға арналған жабдықтануына, гранттар пен стипендия көлемдеріне де мән берді.
Іс-шара соңында «Мамандық таңдау – болашақ таңдауы» кітап көрмесіне шолу жасалып, колледждердің жадынама парақшалары таратылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.