Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

0 450

  2021 жылдың 29 қазан күні «Ұлттың үнжариясына – 100 жыл» тақырыбындағы жас ғалымдар арасында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Конференция ұлттың үнжариясы Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына арналды.Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалы, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы мен «Alem Science» халықаралық ғылыми журналы ұйымдастырды.

Мақсаты –Қазақ радиосының қазақ журналистикасындағы маңыздылығын, ерекшеліктерін жастар арасында насихаттау, ақпарат айдынындағы тарихы терең қара шаңырақта қызмет еткен біртуар азаматтардың еңбегін үлгі ету.

Конференцияның пленарлық отырысы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді.

Конференцияға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Болатбек Уалихан Болатбекұлы модераторлық жасады.

Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абдралиев Фархат Үсіпжанұлының құттықтау сөзімен басталды.

Конференцияға филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, Қазақ радиосының тарихын 10 жылға ілгерілеткен зерттеуші Омашев Намазалы Омашұлы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, сатирик-ақын, «Ақпарат саласының» үздігі, Жамбыл радиосының жетекшісі Әлімқұлов Бақытжан Советұлы,Қазақстан Журналистер одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, «Jambyl-Taraz» қоғамдық саяси газетінің директор-бас редакторы Төленді Дәулет Төлендіұлы қатысып, «Қазақ радиосы қалай ашылды?», «Жасампаз Жамбыл радиосы» тақырыптарындабаяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақ радиосының дауылпаз дикторы Әнуарбек Байжанбаев туралы жас ғалымдар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері Тайжан Гүлнар Едігеқызы, Дурсунова Эсмер Армизовна баяндады.

Тәрбиелік-танымдық мәні зор конференцияға республиканың жас журналистері (тележурналистика, радиожурналистика, мерзімді басылымдар, интернет журналистика және т.б.), білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары ZOOM платформасы арқылы қатысуға мүмкіндік алды.

Пленарлық отырыс соңында ұйымдастырушылар конференция қонағы Намазалы Омашұлына облыс әкімдігінің атынан ілтипат жасады.

Ал, конференцияның секциялық жұмыстары Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде өтуде.

         Жас ғалымдардың «Ұлт үнжариясының терең тарихы және ақпарат айдынындағы артықшылықтары», «Қазақ радиосында қызмет еткен тұлғалардың журналистика саласындағы дара жолы» тақырыптарындағы ғылыми мақаласын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Ұстаз институты, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессорТұрарова Айсұлу Нұрдынқызы және Жамбыл радиосының жетекшісі Әлімқұлов Бақытжан Советұлы бағалайды.

         Жас ғалымдарға конференцияға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласының мазмұны озық шыққан қатысушыларға арнайы орындар тағайындалып, диплом беріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.