Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әскер – Мәңгілік ел тірегі

0 740

Биыл 7 мамырда Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 30 жыл толады. Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. Осы орайда Абай атындағы орталық кітапханасында «Әскер – Мәңгілік ел тірегі» атты кездесу кеші өткізілді.

Шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – майор Нұрсұлтан Әбенов, аталған бөлімнің 4 жедел мақсаттағы ротасының 3 взвод командирі, аға-лейтенат Икрамжан Якубжанов және әскери оркестр  мүшелері қатысты.

Қонақтар кітапхана оқырмандарына еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары – әскери өмірдің қызықтары мен қиыншылықтары туралы айта отырып, сұрақтарға жауап берсе, әскери оркестр мүшелері  «День Победы», «Смуглянка», «Огонек» атты әндерді орындады.

Кешке арнайы қатысқан №39 мектеп-гимназияның 4 сынып оқушылары Отан, туған ел, әскер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды. Сонымен бірге кітапхана ұжымы ұйымдастырған «Қуатты армия – ел қорғаны» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Бота Сейдалиева библиографиялық  шолу жасап, таныстырды.

Іс-шара соңында кеш қонақтарына Алғыс хаттар табыс етілді.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.