Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жерлесіміз – Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері

0 2  515

Жуырда Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында жазғы Сурдлимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3 500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды.

Есту мүшесі зақымданған спортшылар арасында өтетін Олимпиадада Қазақстан атынан 65 спортшы спорттың тоғыз түрінен (үстел теннисі, жүзу, каратэ-до, таэквандо, дзюдо, жеңіл атлетика, грек-рим, еркін күрес және бадментон) ел намысын қорғайды. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Тараз қаласындағы дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 13 спортшы 6 спорт түрінен жүлдеге таласатын болады.
Мүмкіндігі шектеулі болғанымен, мүддесі биік ел спортшылары Олимпиаданың алғашқы күндері-ақ қоржынымызға алғашқы жүлдені салды. Атап өтер болсақ, дзюдодан 48 кило салмақта татамиге көтерілген жамбылдық Кара Оглы Фериде қола жүлдегер атанды. Cонымен қатар тағы бір жамбылдық дзодошы Эвелина Егембердиева 57 келіде 5 орынға табан тіреді.
Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен бұрымды балуаннның жеке бапкері – Лукманов Хайрулла. Сондай-ақ, төртжылдықтың басты додасында Жамбыл облысынан Анна Краморова (78 кило) және Айдос Түгелбаев Айдос (81 кило) жүлдеге таласатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.