Қалалық қоғамдық-саяси газет

Митингілерден кейін Алматы әуежайынан алғашқы рейс орындалды

0 345

  Қаладағы митингілерден кейін Алматы әуежайынан алғашқы рейс орындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Азаматтық авиация комитеті Алматы әуежайының жұмысы қайта жанданғаннан кейін Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейстер жолға шыққанын мәлімдеді. Компанияның ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер 8:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Бүгін мына рейстер жоспарланған:

«Эйр Астана»

  • КС-601 Алматы (10-40) – Нұр-Сұлтан (12-25)
  • Нұр-Сұлтан (13-25) – Алматы (15-05)
  • КС-609 Алматы (16-10) – Нұр-Сұлтан (17-55)
  • Нұр-Сұлтан (18-55) – Алматы (20-35)

SCAT

  • DV-713 Алматы (12-00) – Нұр-Сұлтан (13-40)
  • DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) – Алматы (16-05)

Qazaq Air

  • IQ-353 Алматы (06-55) – Нұр-Сұлтан (08-55)
  • IQ-354 Нұр-Сұлтан (09-35) – Алматы (11-25)

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайтыны хабарланған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.