Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚШҰ бас хатшысы бітімгерлерді Қазақстаннан шығару мерзімін атады

0 412

   Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгершілік күштері Қазақстаннан 10 күн ішінде кетеді. Әскерлерді шығару 13 қаңтарда басталады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына ұйымның бас хатшысы Станислав Зась айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Контингенттің жалпы саны – 2,5 мың сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада – Алматы мен Нұр-Сұлтанда.

13 қаңтарда Станислав Зась Алматыға келді, онда ол ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюковпен кездесіп, командалық пункт пен орналастыру пункттерін аралайды.

«Біз бітімгершілік операциясының соңғы кезеңін бастадық. Бүгін біз бітімгершілік күштерінің қорғауындағы нысандарды жергілікті қауіпсіздік күштеріне береміз. Ертең контингентті Қазақстаннан ұйымдасқан түрде шығару бойынша бірқатар іс-шараларды бастаймыз. Салтанатты іс-шара өткізіп, әскерлерді кезең-кезеңімен шығарамыз. Мемлекет басшылары бұл іс-шараларды 10 күн ішінде 23-ші күнге дейін аяқтау міндетін қойды. Бұл әскерді асықпай шығаруға мүмкіндік береді», – деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.