Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалыда қырық ауылға көгілдір отын құбыры тартылды

0 167

Жуалыда Боралдай ауылдық округінің Ертай және Көлтоған елді мекендеріне жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайтын магистральді газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Ертай ауылында ауылішілік газ тарту жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, Көлтоған ауылына газ тарту жұмыстары ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Ертай ауылына ауызсу құбыры тартылып, 80 аулаға су есептегіш құрал орнатылған.

Ауыл тұрғындарыныңқос қуанышын бөліскенаудан әкімі Олжас Қаржауовалдымен су тарату станциясының жұмысымен танысып, әрі қарай ауылдың орталығында орналасқан көгілдір отынның алауын тұтатты.

– Аудан көлемінде жалпы 49 елді мекен болса, тұратын халық саны 53 548 адамды құрайды. Былтыр тоғыз елді мекенге газ тартылып, жалпы 39 ауыл табиғи газ құбырына қосылды. Биыл Көлтоғанмен қоса газбен қамтылған ауылдардың саны 40-қа жетіп, көрсеткіш 81,6 пайызды құрады. Сондай-ақ бес елді мекенге – Қаратас, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарына кварталішілік газ тартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджетке сұраныс берілді, – деді ауданы әкімі Олжас Қаржауов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.