Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Медиация» кабинеті ашылды

0 264

 Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Тараз қалалық білім бөлімі бірлесіп, қалалық білім бөлімінің базасында «Медиация» кабинеті ашылды.

 «Медиация» кабинетінің ашылуына билер кеңесінің мүшесі, отставкадағы судья У.К.Кайманова, ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары А.К.Садубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбылыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Қ.Төлебаев, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы С.К.Есеев, медиатор В.Н.Досыбиева мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Медиация» кабинетінің жұмысы кәмелетке толмаған жасөсіпірімдерге қатысты дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарының қолданылуына және неке-отбасылық міндеттемелерден туындайтын даулардың санын азайтуға бағытталған. «Медиация» кабинетінің мақсаты тараптарға медиатордың көмегімен екі тараптың мүддесі үшін жанжалды шешуге көмектесу болып табылады.

«Медиация» кабинетінің ашылу барысында дауды шешу үшін жүгінген алғашқы келушілер қабылданды. Осы тараптардың уәждерін тыңдап, медиаторлар дауды реттеу бойынша ұсыныстарын берді.  

Іс-шара соңында қатысушыларға Тараз қалалық білім бөлімі тарапынан жүзеге асып жатқан «Ашық білім» жобасы ұсынылды.

Жоба аясында білім бөлімінің мамандары арнайы кестеге сәйкес әлеуметтік желі арқылы халықпен байланыс орнатып, сауалдарға жауап береді.

Тілші М.М.Ахметов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.