Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кімнің жеңетінін көрейік»: Бақыт Сәрсекбаев Бақтияр Артаевқа үндеу жолдады

0 395

2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан Бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті Бақтияр Артаевқа үндеу жолдады,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

«Баршаңызға сәлем, құрметті оқырмандар. Бүгінде қазақстандық бокста қолайсыз жағдай болып жатқаны ешкімге құпия емес. Ангелина Лукас үшін өте өкінішті, оның беделін түсіріп, күлкіге қалдырғысы келеді. Маратбек Мықтыбеков пен Бақтияр Артаев жағдайды түсінбей, тым көп жауапкершілікті өз мойнына алды. ҚҚБ мұндай абсурдқа әкелместен шеше алар еді. Бірақ мұны істемедіңіз. Менің үндеуімді видеодан тыңдаңыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін», – деп жазды Сәрсекбаев Instagram-да.

– Бақтияр Артаев, сен Назым Қызайбайды, ал мен Ангелина Лукасты дайындаймын. Кімнің жеңімпаз болатынын көрейік, – дейді Сәрсекбаев бейнеүндеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.