Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздық ардагерлер – жеңіс тұғырында

0 1  196

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен тартысты додада Тараз қаласының ардагерлер құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Спартакиадада ардагерлер волейбол, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд және дартс секілді спорттың 8 түрі бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ орын иегерлері тиісті дәрежелі кубок және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар І, ІІ, ІІІ, ІV, V және VІ орын иеленген командалар ақшалай сыйлыққа ие болды.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.