Қалалық қоғамдық-саяси газет

Футзалдан әлем чемпионаты басталады

0 161

  Бүгін Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы басталады, -деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы қатысады. Дүбірлі додада барлығы 24 құрама бақ сынайды. Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Литва, Венесуэла, Коста-Рика. Қазақстандықтар алғашқы ойынын бүгін, 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізеді. Одан кейін 15 қыркүйекте Литвамен ойнаса, 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.

Өзге топтарда құрамалар төмендегіше бөлінген:

В тобы: Өзбекстан, Гватемала, Ресей, Египет;

С тобы: Таиланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары;

D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия;

E тобы: Ангола, Жапония, Парагвай, Испания;

F тобы: Аргентина, АҚШ, Сербия, Иран.

Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Ал 1/8 финал 22-24 қыркүйекте өткізілсе, ширек финал 26-27, жартылай финал 29-30 қыркүйекте ойналады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 3 қазанға белгіленген. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.