Қалалық қоғамдық-саяси газет

Футбол алаңшалары – ел игілігіне

0 898

Дені сау ұлт қалыптастыру – мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Тәуелсіздік алғалы бері бұған айрықша ден қойылып келеді. Әрине, білімді, тәрбиелі әрі дені сау ұрпақ – ұлттың ең қымбат байлығы. Олай болса, балалар мен жасөспірімдердің оқумен қатар, өнер үйреніп, спортпен шұғылданып, жан-жақты жетілуіне қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің мойнындағы борышы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та әр Жолдауында аталған мәселені назардан тыс қалдырған емес.
– Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз, – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға баса көңіл бөлу керектігін айтқан болатын.
Бұл мақсатқа жетудің таптырмас жолы ойын алаңшаларының көптеп ашылуына жағдай туғызу екені белгілі. Осыған орай, биыл Тараз қаласында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Айталық, ағымдағы жылы қала аумағында 9 шағын футбол алаңшасын салу жоспарланған. Аталған бағытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, мердігер мекемелер де анықталған.
Қазіргі таңда Лукманов көшесінде (№26 орта мектебінің маңы), «Қарасу» (5) ықшамауданындағы №12, 15, 16 үйлерінің ауласында және «Солнечный», «Химик» алқаптарында жұмыстар басталған. Аталған жұмыстарды «AkikatGroup», «Береке Базис» және «Энрайз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жүргізуде.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.