Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі айда 961 қызмет көрсетілген

0 173

Бөлімде әкімдіктің ұйымдастыруымен «Сервистік әкімдік» кеңсесі ашылды. Жаңа форматта қызмет көрсететін сервистік әкімдік «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асты және онда қала тұрғындарына жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау.

Сонымен қатар тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында Тараз қаласында «Open space» жобасы қолға алынып, жер қатынастары бөлімі басшысының қызметтік бөлмесі қайта жабдықталып, ашық кеңседе жұмыс істей бастады.

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Рес-публикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығына сәйкес жер қатынастары саласында жалпы саны 5 мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
2020 жылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 5668-ді құрады, оның iшiнде 2521 өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 3147 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 961-ді құрады, оның iшiнде 472 өтініш Халыққа қызмет көрсету орталығы ақпараттық жүйесі және «Е-лицензиялау» жүйесі арқылы электронды түрде көрсетiлген және 489 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қолжетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпараттық стендтер орналастырылды (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Біржан БАШАНОВ,
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің
басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.