Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірліктің бекем іргесі

0 421

1 мамыр – күллі еліміз үшін мереке, Қазақстан халқының бірлігі күні. Дархан даламыздағы ең жақын мерейлі мереке мамырдың алғашқы шуақты күніне тұспа-тұс келгенімен, биыл оны тойлаудың реті болмай тұр. Сан ғасырдан бері байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірін мекен еткен түрлі этнос өкілдері ассамблея астында бірігіп, бүгінгі алмағайып шақта хал-қадірінше пайдалы һәм сауапты іспен айналысып жатқан жайы бар.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ

Халықтар достастығы, ынтымақ пен татулықты тәуелсіздіктің берік нышанына балаған қазақстандықтар үшін бұл күннің орны ерек. Бұл ретте Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері атқарып жатқан жұмыс орасан. Әсіресе, әлемді азуына алған қатерлі індеттің салдарынан ай сайынғы кірісінен айырылған жандарға, көпбалалы отбасылар мен жалғызілікті өңір тұрғындарына көмек қолын созуда ұйым мүшелері ізгілік үлгісін көрсетуде. Аймақтағы «Шиват Цион» еврейлер мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі 500 маска, 350 антисептик, дезинфекциялау құралдары және жеке гигиеналық заттар, 5 аз қамтылған отбасыға 75 000 теңгеден азық-түлік себетін сыйлады. Еврейлер қоғамдық бірлестігі барлығы 1 065 000 теңге көмегін 250 аз қамтылған жергілікті тұрғынға берді. «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 30 дана маска, 15 дана антисептикалық заттар және азық-түліктермен қамтамасыз етті, сонымен қатар 30 аз қамтылған отбасына барлығы 35 000 теңге көлемінде қайырымдылық көрсетті. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы 100 000 теңгеге 15 отбасыға антисептикалық заттармен және 10 отбасына 100 000 теңгеге азық-түлік түрінде көмек көрсетті. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі көпбалалы 10 отбасыны 100 000 теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ 94 470 теңге сомасында 10 аз қамтылған отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар 24 анаға 200 000 теңге көлемінде азық-түлік пакеттері таратылды. «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Перфильева Наталья Николаевна демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасыларға жүйелі көмек көрсетуде. Біршама отбасы азық-түлік пен жуғыш құралдар жиынтығын алды. Үш аз қамтылған қарттарға тоңазытқыштар жеткізілді. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Үйде күтім алатын 13 адам медициналық патронажға алынды. Медицина қызметкерлеріне маскалар, қолғаптар, антисептиктер табыс етілді.

Тараз қалалық өзбек этномәдени бірлестігі 50 адамға 2500 теңгеге 50 маска таратты. Сондай-ақ Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айша бибі, Жамбыл ауылдарында және т.б. облыстық ассамблеяның еріктілер қозғалысы аз қамтылған 1500 отбасыға маска үлестірді. Аса, Қарасу, Жамбыл, Қарой, Ақбастау, Өрнек, Полатқосшы, Гродеково ауылдарында 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себеті таратылды. Нәтижесінде, бұдан өзге аталмаған қайырымдылық істердің барлығын қосқанда, жалпы өңірлік ассамблея этнобірлестіктері бойынша 8400 аз қамтылған отбасыға көрсетілген көмектің жалпы сомасы 12 774 470 теңгені құрап отыр. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын, халық біріксе берекелі іс тындыратынын ассамблея мүшелері осылай дәлелдеп отыр. Ұйым жасап отырған қайырымдылық шаралары тек бұл ғана емес. Осыған дейін де өңірдегі ассамблея мүшелерінің азаматтық белсенділігінің арқасында 6900-ден астам адамға көмек көрсетіліп, 60 отбасыға пәтер кілті табысталды және Алғыс айту күніне орай 900 отбасыға қайырымдылық жасалған.

Тіл үйрену көпке қолжетімді

Мемлекеттік тілдің мерейін үстем ету – елдігімізді сипаттайтын алғы шарттардың бірі. Осы орайда ассамблеяның ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді дамыту саласында облыста «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының 6 бағыты іске асырылса, «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында түрлі форматтағы 32 іс-шара өтті. Ағымдағы жылы Абайдың 175 жылдығына орай ассамблеяның ғылыми-сараптамалық тобы 6 іс-шара өткізсе, этнос өкілдері арасында Абай өлеңдерін оқу челленджі, мектеп оқушылары арасында Абай оқулары ұйымдастырылған.

Клубтардың орны ерек

Ассамблея жанында ғылыми-сараптамалық топ, ақсақалдар, аналар кеңестері, журналистер клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, «Ақ желкен» жастар лигасы және «Айбын» жастар әскери-патриоттық клубы тұрақтылықты қамтамасыз ету құрылымдары ретінде үйлесімді жұмыстар жүргізуде. Аталғандардың ішінде қоғам институттарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, қазақстандық патриотизм мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосып жүрген облыстық және 27 аудандық аналар кеңестерінің қызметін, әсіресе кеңес төрайымы М.Миражапова, мүшелері А.Плетнева, Н.Перфильева, Э.Мамедова, А.Беляева, П.Көненова, Н.Тимофеева сынды аналардың еңбегін ерекше атап өтуге болады. Кеңестің бастамасымен жыл басынан 45 іс-шара, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы 24 отбасыға қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ассамблея жанындағы Журналистер клубы құрамында республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері халыққа мемлекеттік саясатты жан-жақты әрі сапалы жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. 2019 жылдан ассамблеяның қолдауымен «Ұлы Шаңырақ» облыстық газеті таратылуда. Жыл сайын журналистер арасында «Бір шаңырақ астында» байқауы ұйымдастырылып келеді.

Келеңсіз жайт көпке сабақ

Өкінішке орай, ағымдағы жылдың ақпан айының басында Қордай ауданында орын алған төтенше жағдай ұлтаралық бірлік саласына сызат түсіріп, ынтымағы жарасқан еліміздің тарихында қара дақ қалдырды. Ауыл тұрғындары арасындағы болған тұрмыстық жанжалды арандатушылар теріс бағытта пайдаланып, нәтижесінде ауыл азаматтарының еңсесін түсіріп, адам шығынына әкелді.

Келеңсіз оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясының, облыстық штабтың нақты жұмыстарының нәтижесінде Қордай ауданындағы қоғамдық-саяси ахуал бүгінгі күнге тұрақталып, бақылауға алынды. Ішінара зардап шеккен жүзден астам нысан демеушілік және тұрғындар есебінен қалпына келтірілді. Ал оқиғадан зардап көрген тұрғындарға қаржылай көмек беру мақсатында «Щивон» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылып, қолдауға мұқтаж азаматтарға қаржылай көмек көрсетуде. Аудандағы Қаракемер, Масаншы, Сортөбе, Ауқатты, Қарасу және Қарасай елді мекендердің қоғамдық пікір көшбасшылары мен ақсақалдары тұрғындарды келісім мен ауызбіршілікке келіп, ауылдар арасында тұрақтылықты орнату мақсатында қазақ және дүнген белсенділерінен құралған бірлескен Қоғамдық келісім кеңесін құрып, бүгінгі күнге дейін жұмыс жоспарына сәйкес ауылдық округтерде 5 отырыс өткізілді. Облыс әкімінің ұйымдастыруымен Қордай ауданында төтенше жағдайдың қайталанбауын, этностық топтар жинақы тұратын жерлерде жанжалдардың алдын алу мақсатында «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы қолға алынды. Қордай ауданында 12-18 наурыз аралығында іске асқан бұл жоба аясында 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оларға 13 мыңнан астам адам қатысқан болатын. Облыстық ассамблея тұрғындармен 6 кездесу, дүнген, түрік, күрді, орыс, әзірбайжан этностарының қоғамдық пікір көшбасшылары және этномәдени бірлестік құрылымдарының мүшелерімен тереңдетілген сұхбаттар ұйымдастырып, әлеуметтік сауалнама жүргізді.

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл

Бейбітшілік пен этносаралық достықты ерекше бағалайтын елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Ұйым түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығын сақтап, ширек ғасырдың ішінде ел дамуы жолында маңызды рөл атқарып келеді. Мерейтой аясында мәдени-көпшілік, ғылыми-сараптамалық іс-шаралармен қоса, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған өңірлік ассамблеяның мерейтойлық кітабын шығару жоспарланып отыр. Аталған кітапқа ұйымның құрылған сәттен бастап тәуелсіздігіміздің нығаю тарихында, өрлеу мен өркендеу жолындағы экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы, халқымыздың мәдениеті мен этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері, облыстық ассамблеяның жан-жақты дамуына үлес қосқан азаматтардың еңбектері жайлы мәлімет енгізіледі. Расында, бүкіл әлемге жайылған індет біздің елімізге де келіп, вирустың таралуын болдырмау мақсатында төтенше жағдай жарияланды. Бұл ретте ұйым бүгінгі таңда жоспарлаған көпшілік іс-шараларды кейінге шегерді. Алайда қоғамның жиналуын талап етпейтін кейбір шараларды ұйымдастыруда ақпараттық кеңістіктің әлеуеті кеңінен пайдаланылып, әлеуметтік желілер арқылы түрлі бастамалар қолға алынуда. Әсіресе, қайырымдылық жұмысы жалғасын тауып, көмекке мұқтаж азаматтарға және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқан жандарға дүнген, күрді, түрік, өзбек, еврей, әзірбайжан этнос өкілдері мен Аналар кеңесі материалдық қолдау көрсетуде. Мұндай игі істерді атқару ассамблея мүшелері үшін дәстүрге айналған. Осы ретте Отанымыз үшін орасан орны бар атаулы мереке қарсаңында Жамбыл облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева өзінің ыстық лебізін де білдіре кетті.

қайырымдылық жұмысы жалғасын тауып, көмекке мұқтаж азаматтарға және елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқан жандарға дүнген, күрді, түрік, өзбек, еврей, әзірбайжан этнос өкілдері мен Аналар кеңесі материалдық қолдау көрсетуде. Мұндай игі істерді атқару ассамблея мүшелері үшін дәстүрге айналған. Осы ретте Отанымыз үшін орасан орны бар атаулы мереке қарсаңында Жамбыл облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева өзінің ыстық лебізін де білдіре кетті.

– Барша жамбылдықтарды еліміздің бірлігін ту еткен ұлық мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн ежелгі қазақ жерінде қоныс тепкен көпұлтты халқымыздың ынтымағын нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырған мерейлі мерекеге айналды. Ел бірлігі мерекесімен тағы да құттықтай отырып, барлық оқырмандар мен отбасыларына ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке, қуаныш пен шаттық тілеймін! Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын! Біз біргеміз!

Расымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің ортақ міндеті – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ассамблея тарихы – тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі. Қиын кезеңде бірлігіміздің ұйытқысы, бастауы ретінде құрылған ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі миссияны өте үлкен дәрежеде орындап келе жатыр», – деген болатын. Әуелден даналығы асып-тасыған ұлтымыз «Бірлік болмай тірлік болмас» деп берекені көздеп, мерекелі тірлік кешуді жөн санаған. Бұл тірлікті мазмұнды һәм өміршең ету жолында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері келешекте де кемелді істер тындырары хақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.