Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты мақсат – халыққа қызмет!

0 336

№17 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Дауренбеков Даулет Карибаевич

Дауренбеков Даулет Карибаевич 1982 жылы 4 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылшарық ауылында туған. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. Отбасылы. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы мен несие» және 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының техникалық тексеру басқармасының басшысы болып жұмыс істейді. Өзін-өзі ұсынушы.


Родился 4 января 1982 года в селе Кызылшарык Жамбылского района Жамбылской области. Гражданин Республики Казахстан. Национальность – казах. Семейный. В 2003 году окончил Таразский государственный университет им. М.Х.Дулати по специальности «Финансы и кредит» и в 2011 году Жамбылский гуманитарно-технический университет по специальности «Юриспруденция». Работает руководителем управления технического обследования филиала НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Жамбылской области. Самовыдвиженец.


– Тараз қаласы тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында билік пен халық арасында байланыс, кері байланыста болып, қордаланған өзекті мәселелерді тиісті орындарға жеткізіп отыру. Атқарушы органдармен бірлесе отырып туындаған мәселелердің шешімін табу;
– Тараз қаласының өндірістік аумағында (промзона) орналасқан аймақтарын көгалдандыру арқылы жасыл белдеу жасай отырып, экологиялық ахуалды шешуге күш салу;
– қаланың алаңқайларын абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу;
– қалаішілік қоғамдық көлік қатынасын реттеу, тозығы жеткен желілік автопарктерді жаңартуға ықпал жасау;
– қоғамдық тәртіптің сақталуын, жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-жақты жұмыстар жүргізу;
– мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептерді бейнебақылау камераларымен толықтай қамтамасыз ету;
– мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру барысында спорт алаңдарын көптеп ашу;
– мөлтекаудандардағы тозығы жеткен көпқабатты үйлердің толық жөндеуден (модернизация) өтуіне ықпал жасау.
Предвыборная программа кандидата в депутаты Таразского городского маслихата по избирательному округу № 17
– в целях улучшения социального положения жителей города Тараза поддерживать связь между исполнительней властью и населением, поддерживать обратную связь и доводить накопленные актуальные вопросы до соответствующих органов. Решение возникших проблем совместно с исполнительными органами;
– приложить усилия к решению экологической ситуации с созданием зеленого пояса с озеленением территорий города Тараза, расположенных на производственной территории (промзона);
– регулярное проведение работ по благоустройству и озеленению города;
– регулирование внутригородского общественного транспорта, содействие обновлению ветхих линейных автопарков;
– проведение комплексной работы по обеспечению соблюдения общественного порядка, безопасности молодежи и подростков;
– в целях обеспечения безопасности школьников полное обеспечение школ камерами видеонаблюдения;
– организация досуга школьников в ходе открытия большого количества спортивных площадок;
– способствовать проведению полного ремонта (модернизации) ветхих многоквартирных домов в микрорайонах.

 

Тапсырыс беруші: №17 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат ДАУРЕНБЕКОВ Д.К.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.