Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанға өзгерістер қажет! Өз таңдауыңды жаса!

0 313

№16 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер
Мирхадиров Ринат Мирзагалимович

Мен Мирхадиров Ринат Мирзагалимович, 1982 жылы Тараз қаласында дүниеге келгенмін. Үйленгенмін, алты балам бар. Білімім жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік дипломмен тәмамдадым. 2005 жылдан бастап әртүрлі мамандық бойынша көптеген лауазымдық қызметтер атқардым. Астана, Шымкент, Қызылорда, Түркістан, Алматы және Тараз қалаларында және еліміздің әр өңірлерінде басқарушылық тәжірибе жинақтадым. Елордамыздың құрылысы мен ұлғаюы жолында еңбек еттім. 2007 жылы өз орасан жұмыс тәжірибемді пайдаланып, еліміздің тұрғын үй-өнеркәсіптік құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысатын құрылыс тобын аштым. 2019 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласындағы интенсивті алма бағының басқарушы қызметін қосып алып келемін. Жұмыстарым мен қоғамдық іс-шараларды өткізгенім үшін Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Т.Рысқұлов ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталдым.

Тараз қалалық мәслихаты №16 сайлау округі бойынша депутаттығына кандидаттың
сайлауалды бағдарламасы

Негізгі мақсатым – №16 сайлау округі аумағында тұратын азаматтардың әлеуметтік және өмірлік маңызды мәселелерін шешуге көмектесу. Қаланың ертеңі қандай болатыны бүгін сізге байланысты және сіздің таңдауыңыз біздің өміріміздің қаншалықты жайлы болатынын анықтайды. Дәл қазір билік пен партиядан тәуелсіз кандидат ретінде мен табандылықпен және батылдықпен әрекет етуге толығымен жауапкершілік аламын. Маған сенім білдіріп, қаламыздың мәслихатына өз өкілдеріңіз етіп сайласаңыздар, мен өз алдыма нақты міндеттер қойып, олардың шешіміне қол жеткіземін.

Мен, Мирхадиров Ринат Мирзагалимович, сіздермен бір ауданда тұрамын. Күн сайын сол көшелермен жүріп, бір ауамен тыныстап, ауданымыздың тұрмыс-тіршілігін іштей білемін. Тараз – әсем, тарихи қала, мұнда тұратын адамдар сияқты қала да біздің қамқорлығы- мызды қажет етеді.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– аула аумақтарын абаттандыру;
– қала көшелерін жарықтандыру;
– қала көшелеріндегі жолдардың сапасы;
– жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін тротуарларды абаттандыру;
– қаланың каналдары мен өзендерін тазалау;
– қалада балалар және спорт алаңдарын салу.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Бұл менің жаңа жоспарларым мен тапсырмаларымның бір бөлігі ғана. Әрекетке деген темірдей ерік бар. Менің бағдарламам жай ғана уәде емес. Ол орындалатын жұмыс. Бұған сенімді болыңыз. Шаңырақтарыңызға тыныштық, мейірімділік, бақыт пен береке, туған Қазақстанымызға тұрақтылық пен гүлдену тілеймін!
Баршаңызды 2023 жылдың 19 наурызында өз сайлау учаскеңізге келіп, Тараз қаласының, өзіңіз бен отбасыңыздың амандығы үшін дауыс беруге шақырамын!

 

Тапсырыс беруші: №16 сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер МИРХАДИРОВ Р.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.