Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қайырымдылық – игі қасиет

0 2  150

Халқымызда «Қайырымдылық – жылы жүректен» деген қанатты сөз бар. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

Әрине, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Өйткені қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру – жақсылыққа қадам.
Бұл бағыттағы жұмыстары Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Мәселен, осы жылдың алғашқы тоқсанында Ассамблея «Ерікті донор», «Жылу», 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай «Қоржын», Наурыз мерекесіне орай облыстық Ассамблея «Мейірімді жүрек» акцияларын өткізді. Аталған жан жылуын танытқан шаралар аясында 68 миллион 270 мың теңгеге 5 689 адамға қайырымдылық көмек көрсетті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылдың 1-тоқсанында Түркия еліндегі табиғи апатқа гуманитарлық көмек, «Ерікті донор», «Жылу», 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қоржын», Наурыз мерекесіне орай «Мейірімді жүрек» акцияларын ұйымдастырды.
Қаңтар айында Шу аудандық түрік этномәдени бірлестігі Д.Қонаев ауылының 5 жасар тұрғынының операциясына 100 мың теңгеге көмек көрсетті. Ал Тараз қаласының өзбек этномәдени орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасыға және Т.Рысқұлов аудандық этномәдени бірлестіктері аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңгеге азық-түлік себеттерін сыйлады.
Ақпан айында Шу аудандық түрік этномәдени бірлестігі Д.Қонаев ауылының аз қамтылған 5 отбасына 400 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қоржын» акциясы аясында облыстық және аудандық этномәдени бірлестіктер әлеуметтік осал топтағы 200 отбасына 4 миллион 500 мың теңге көлемінде жәрдем берді.
Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі «Ерікті донор» қайырымдылық акциясы аясында облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды.
Аналар мерекесіне орай өзбек этномәдени бірлестігі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және І-ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлеріне көмек ретінде 200 мың теңгеге 10 азық-түлік себетін таратты.
Наурыз мейрамының жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 15 наурыз –Қайырымдылық күніне орай «Вынхуа» дүнгендер қоғамдық бірлестігі Қордай ауданындағы аз қамтылған, көпбалалы 200 отбасына 4 миллион 400 мың теңгеге ұн және 90 отбасының балаларына 2 миллион 700 мың теңгеге киім-кешек және түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Аббосов әлеуметтік жағдайы осал топтағы 40 отбасына 500 мың теңгеден аса азық-түлік қорабын, ұн қаптарын таратты.
Қордай ауданы «Әлжан ана» тарихи музейінде еліміздің даңқты перзенті, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа, Қордай ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі Эйвас Замановқа арналған еске алу бұрышы ашылып, ҚХА мүшесі, меценат Таня Апаева және аудандық мәслихаттың депутаты Эльдар Апаев 2 млн теңгеге музейге қосымша қажетті үстел, тақтайша орындықтар сыйлады және ашылу салтанатына келген қонақтарға түскі ас ұйымдастырды.
«Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі Хамида Турдыеваның бастауымен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 10 отбасына азық-түлік себетін таратты.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» дегендей, қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсыну – әр жанның азаматтық парызы.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.