Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зиялы қауыммен жылы жүздесу

0 695

Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында Жамбыл облысының 85 жылдығына орай зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті.

Шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бекет Момынқұл, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ғайни Әбенова қатысты. Әуелі Гүлдана Әлімжанқызы басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
– Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір жастардың қолында. Бүгінде елімізде жастарға үлкен көңіл бөлінуде. Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Бүгінгі күні жастарымыздың ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы – көңіл қуантарлық жағдай. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізуді біздің борышымыз деп білемін. Әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны Қазақстанды жанындай сүйіп, еліне адал қызмет етуі керек. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек, – деді ол.
Бұдан кейін зиялы қауым өкілдері тарих, әдебиет төңірегінде әңгіме өрбітіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Жастар да өз кезегінде көкейдегі сауалдарын жолдады.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.