Полицейлер биыл жыл басынан бері қаржыны талан-таражға салған 65 фактіні анықтады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
«Павлодар қаласында полицияға кәсіпкер әйел 2021 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында бухгалтер фирманың 22 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденгені туралы арызданған», – дейді полицейлер.
38 жастағы қала тұрғыны өзін сенімді қызметкер ретінде көрсетіп, бірнеше жылдан бері осы компанияда жұмыс істейді.
Полицейлер күдіктінің бұрын алаяқтық үшін сотталғанын анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.