Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талас ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 2  595

 

Талас ауданының әкімі Қ.Қ.Мәдібектің  2021 жылғы 25 қазандағы  №396 -ө өкімімен Уристенов Медет Әбдімәшұлы  Талас ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Уристенов Медет Әбдімәшұлы 1987 жылы 16 мамырда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары.

2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік басқару», 2020 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»  мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008-2013 жылдары Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған.

2013-2021 жылдары Ойық ауылдық округінің әкімі.

2021 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы қызметін атқарды.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі. Отбасылы, 3 қыз тәрбиелеуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.