Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақтауда 15 миллион теңгеге отырғызылған қызғалдақтар бүліне бастады

0 775

Ақтау тұрғындары әлеуметтік желіде туристерді тарту үшін отырғызылған «гүл алқабының» сапасыз екеніне шағымданды. «Отырғызылған» пластикалық қызғалдақтардың бір бөлігі құлап, кей жерлерде электр сымдары қоршалмаған, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда 15 миллионнан астам теңгеге бюджет қаржысына пластикалық қызғалдақтардан жасалған «гүл алқабы» инсталляциясы әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Жергілікті тұрғындар «гүл алқабының» қолдан жалғанғанын, сондай-ақ пайдаланылған материалдардың сапасы төмен екенін айтады.

Кей жерлерде пластикалық қызғалдақтар құлап жатыр. Суретте жасанды көгал қисық екені байқалады.

Қондырғының электр сымдары оқшауланбаған, көгалдың үстінде жатыр.

Ақтауда Ынтымақ алаңындағы көгалдың орнына бюджеттен 15 404 000 теңгеге пластикалық «гүл алқабы» отырғызылды. Әкімдікте безендіру, жарықтандыру бойынша жұмысты «Clover media group» ЖШС жүргізді, компаниямен Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте келісімге қол қойғаны хабарланды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.