Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоба аясындағы жарқын істер

0 2  901

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар арасында волонтерлық қызметті дамытуға бағытталған жобаларды ұйымдастыру бағытында «Жаңа-ру» жастар ұйымы еріктілерінің ұйытқы болуымен «Қамқор» волонтерлық-әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаның негізгі мақсаты – халықтан қолданысқа жарамды түрлі киім-кешектерді жинап, оларды мұқтаж отбасыларға үлестіру. Жоба аясында ашылған қайырымдылық дүкенінде киімдерді жуып, кептіріп, үтіктеп, тазалығына ерекше мән берілуде. Қазір бұл дүкен халық арасында зор сұранысқа ие. Осының шеңберінде қаншама отбасы жобаның шарапатын сезінуде.
Дүкенге барлық мұқтаж отбасылар келіп, киім алуына болады және ешқандай шектеу қойылмайды екен. Тек жеке төлқұжатын өзімен ала келсе жеткілікті. Осы күнге дейін дүкен 1 500-ге жуық жанұяға көмек көрсеткен. Жастар, еріктілер бос уақыттарында Сүлейменов көшесі, №16 «А» мекенжайында орналасқан осы дүкенге бас сұғып, түрлі іс-шараларға, акцияларға қатысады.
Аталған әлеуметтік дүкеннен бөлек, жоба шеңберінде көптеген қайырымдылық, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар да жиі ұйымдастырылуда.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.