Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жезқазған колледжінде куратор студенттерден ақша жинап келген

0 626

Жезқазғандағы жоғары медицина колледжінде куратор студенттерді балағаттаған деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол студенттерден ақша жинап келген. Бұл туралы Қарағанды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшылығы мәлімдеді. Колл орталыққа студенттерден шағым түскен. Жалпы, аймақта «ақша жинады» деген күдікке ілінген мұғалімдер аз емес. Соңғы екі аптада 9 дерек тіркеліпті.

Сол сияқты қаладағы 102-інші мектеп-гимназияның мұғалімдері балалардың бағасын төмендету арқылы ақылы білім алуға итермелеген деп айыпталып жатыр.

«Ата-ана мұғалім баланың бағасын төмендету арқылы ақылы қосымша сабақтарға баруға мәжбүрлемек болды деп шағымданып отыр. Яғни репетитор алуға итермелеу арқылы осындай жолмен ата- анаға қосымша шығын келтіреді. Бұған жол берілмейді. Сондықтан құзыретті орындар тексеріп жатыр», – деді Қарағанды облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Бауыржан Құсайынов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.