Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасы және қолдауымен футболдан әуесқойлар арасындағы облыс чемпионаты мәресіне жетті.

Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған чемпионатқа аудандардан 10 және Тараз қаласынан 7 команда қатысты. Барлығы 17 команда, 450 спортшы қамтылды.
Чемпионат облыста футболды дамыту, әуесқойлар арасында облыстың үздіктерін анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына негізделді.
Бес айдан аса уақытқа созылған бәсекеде барлық командалар тартысты ойын көрсетсе, жарыстың ақтық сынына Талас ауданы және «Қазфосфат» командалары жолдама алған болатын. Бүгін «Тараз» орталық стадионында қос команда өзара кім мықтыны анықтады. Екі қарсылас командалар ойын барысында бір-бірлерінің осал тұстарын таба алмай, жеңімпаз пеналти арқылы анықталды. Нәтижесінде «Қазфосфат» құрамасы басым түсіп, жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне аймақ басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысты.
Сонымен, чемпион атанып, 1-орынды жеңіп алған «Қазфосфат» командасы арнайы кубокты қанжығаларына байлап, 3 миллион теңгеге ие болды. Ал екінші орын иеленген таластықтар 1,5 миллион теңгемен, жүлделі үшінді орынды жеңіп алған ҰҚК командасы 1 миллион теңгемен марапатталды. Асқар Исабекұлы жеңімпаздарды құттықтап, жарысты жылда дәстүрлі түрде ұйымдастыру, келер жылы жүлде қорын екі есеге дейін көтеру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған