Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тараз» командасы волейболдан Қазақстан чемпионы атанды

0 2  417

Спорттың ойын түрлері бойынша «Тараз»кәсіпқой спорт клубы» КММ-і Павлодарда волейболдан ерлердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты мәресіне жеткендігін хабарлайды.

Бүгін алаң иелері – өткен жылғы ел чемпионы «Павлодар» командасы «Тараз» волейбол клубымен финалда үшінші кездесуін өткізді.
Бұған дейін қос клуб чемпиондық үшін өткен ойында бір-бірден жеңіске жеткен еді – 1:1.
Бұл жолы бірінші партияда Игорь Никольченко жаттықтыратын павлодарлықтар 30:28 есебімен басым түсті. Алайда бұдан кейін тараздықтар (бас бапкері Андрей Патраков) камбэк жасады: 25:21, 25:14, 25:15.

Осылайша «Павлодарды» өз алаңында 3:1 есебімен жеңген «Тараз» ел чемпион атанды. «Павлодар» күмісті қанағат тұтса, «Есілге» (СҚО) қола медаль бұйырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.