Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас қаламгерлер жүлделі болды

0 474

Қалалық Jambyl-Taraz газеті ЖШС мен қалалық білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Туған жерге – туыңды тік!» байқауы мәресіне жетті.

Сәндібек Піренов Суретті түсірген Сәкен Абжапаров

Байқаудың өткізу тәртібіне сәйкес, алдымен мектеп оқушылары «Ұлы дала тұлғалары», «Жомарт жүрек», «Туған жерге туыңды тік» номинациялары бойынша эсселерін электронды пошта арқылы техникалық шығармашылық орталығына жолдады.

Өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, мектеп оқушыларының қиялын, танымдық қызығушылығы мен ой-өрісін дамытуға бағытталған байқауға 16 мектептен 73 оқушы қатысып, оның 25-і жүлделі орын алды. Жас қаламгерлердің байқауына Тараз қалалық мәслихатының депутаты Марат Мырзахметов демеушілік етті.

–Байқауға айтарлықтай көп жұмыстар түсті. Қатысушылардың басым бөлігі «Туған жерге – туыңды тік» номинациясы бойынша бақтарын сынады. Сондай-ақ аталмыш байқауға техникалық шығармашылық орталықтың оқушылары көптеп қатысып отыр. Осы орталық арқылы қанат қаққан көптеген балалар алдағы уақытта білім биігінен көрінеді деп сенеміз,–деді Jambyl-Taraz газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали.

Байқау қорытындысына тоқталсақ, №16 ОМ оқушысы Нұрислам Бекболат, №8 мектеп гимназиясының 10-сынып оқушусы Бағжан Шамшиева, Техникалық шығармашылық орталығының 11-сынып оқушысы Сандуғаш Умирова, №10 ОМ 7-сынып оқушысы Қайнар Тұрсынбек әр номинация бойынша бас жүлдегер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Эьмира Иниятқызы алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыстап, Марат Ибраимов бастаған техникалық шығармашылық орталық ұжымына алғыс білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.