Қалалық қоғамдық-саяси газет

Отбасы – бақыт мекені

0 774

Жамбыл облыстық көзі кермейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 15 қыркүйек – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты облыстық отбасылық байқау өтті.
Байқау рухани ойлауы терең, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, мүмкіндігі шектеулі отбасының шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттауды дамыту, өнерлі отбасыларды халыққа танымалдандыру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың отбасылары арасында жүзеге асты.
Байқауға облыс бойынша аудандық «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелерінің, аудандық және қалалық кітапханалардың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімдерінің оқырмандары қатысты.
Байқау шартына сәйкес әр отбасы өзін таныстыру, қазақтың салт-дәстүр үлгілерін көрсетуге арналған үй тапсырмасын орындау, отбасылық құндылықтар туралы кітаптардан алынған сұрақтарға жауап беру сынды кезеңдерден өтті.
Байқауға Сабекова Шолпан Төребекққызы, Жантаев Бақтыбек Алибайұлы, Нұрмашева Гүлнұр Омарқызыны әділ қазылық етті. Облыстық байқау нәтижесі бойынша әр кезеңнің орындалу деңгейін сараптай келе әділ қазылар алқасының шешімімен Сарысу аудандық орталық кітапханасының Жаңатас қалалық зағип оқырмандарғы қызмет көрсету бөлімінің оқырман отбасы Құдайбергеновтер III орынды, Шу аудандық орталық кітапханасының оқырман отбасы Қасымқұловтар II орынды жеңіп алса, Сарысу ауданық орталық кітапханасының Саудакент ауылдық зағип оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқырман отбасы Бижумановтар I орынды жеңіп алды.
Сондай – ақ Байзақ аудандық орталық кітапханасының оқырман отбасы Қасымқұловтар, Меркі аудандық орталық кітапханасының оқырман отбасы Аманбаевтар мен Тараз қаласының оқырман отбасы Ақпаевтар байқауға қатысқаны үшін сыйлықтар мен алғыс хатпен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.