Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлермен 3 күннің ішінде мас күйде көлік басқарған 16 жүргізуші анықталды

0 228

  Жол-көлік оқиғасының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында облыс аумағында ағымдағы жылдың 4-6 ақпаны аралығында мас күйде көлік басқарған жүргізушілерді анықтау бойынша жергілікті іс-шаралар өткізілді.

Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 1114 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді және көлікті мас күйінде басқарған 16 жүргізуші анықталды.

Мысалы, патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен патрульдеу кезінде 2022 жылғы 5 ақпанда түнгі сағат 23:20 шамасында Меркі ауылында 55 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Toyota-Camry» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында полицейлер ер адамның көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады.

Тәртіп бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

«Осындай құқық бұзушылықтар Қордай, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм және Шу аудандарында да орын алған. Енді көлік жүргізушілерге әкімшілік қамаққа алу және көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылу қаупі төніп тұр», – деді Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.