Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тоқаев шетелге заңсыз шығарылған ақшаларды Қазақстанға қайтаратынын айтты

0 1  096

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шығарылған ақшаларды елге қайтаруға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Үкіметке екі ай мерзім ішінде шетелге заңсыз әкетілген қаржы мен онда сатып алынған активтерді елге қайтару жөнінде ұсыныстар беру міндеті жүктеледі», – деді Тоқаев.

Президент қоғам болып табысты әділ бөлісу мәселесінде ымыралы пайым қалыптастыру маңызды екенін айтты.

«Бұл – билік пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық аспектілерді, мемлекеттік саясат, ұлттық бірегейлік, жастарды тәрбиелеу сияқты мәселелерді қозғайтын ортақ міндеті», – деді мемлекет басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.