Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер»Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 9мыңға жуық құқық бұзушылық дерегін анықтады

0 245

Ағымдағы жылғы 1 қазаннан бастап Жамбыл облысының аумағында «Учаске»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс- шараның мақсаты- өзекті мәселелерді зерделеу, қызмет көрсетілетін учаскелердегі құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу мақсатында әкімшілік учаскенің тұрғындарын барынша қамту.

Осы үш апта ішінде полицейлер тұрғындардың пәтерлерін, жеке үйлерін аралап, жертөлелерді, шатырларды және кәріз люктерін тексеруде.

Осылайша, патрульдеу барысында тәртіп сақшылары 112 үйсіз адамды ұстап алып, оларды қабылдап –тарату мекемесіне орналастырды. Фото және бейнежазбалар, саусақ іздерін алу, іздеуде жүрген қылмыскерлер мен хабар – ошарсыз кеткендерді база бойынша тексеру- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға қатысты жүргізілетін жүйелі жұмыс.

Сонымен қатар, түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 700-ден астам жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Тараз қаласындағы жасөспірімдерді бейімдеу орталығына 70 бала орналастырылды. . Ата-аналармен және кәмелетке толмаған жасөспірімдермен профилактикалық бағыттағы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, балалардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйді аралауға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері тәртіп сақшылары 1300-ден астам жалдамалы пәтерді тексерумен қамтыды. Тұрғын үй иесі басқа адамдардың тіркеусіз тұруына жол беруі дерегіне қатысты 40 құқық бұзушы анықталып, жауапқа тартылды. 235 пәтер иесі тиісті құжаттарсыз тұрғын үйді жалға берген. Аталған деректерге қатысты материалдар Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері 9000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Осы уақыт ішінде тіркеусіз тұрғаны үшін 1600-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзудың 1000-нан астам дерегі анықталды. Өңірдегі аталған жедел- алдын алу іс-шарасы 2022 жылғы 1 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.