Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Сорлы екен». Әйеліне аяғын сүйдіріп кешірім сұратқан еркек жұрттың ашуына тиді

0 166

Күйеуінің алдында кінәлі болған келіншек кешірім алу үшін оның аяғын сүйді. Бұл сәтті ері видеоға түсіріп отырған, деп хабарлайды Экспресс К

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Онда орамал таққан келіншек басын төмен қарата ерінің аяғын бірнеше рет сүйеді.

Ал күйеуі болса, оны келеке еткендей «кешірейін бе?» деп видеоға түсіріп отырған.

Жәннатым, кешірші,— дейді бірнеше рет қайталап, кешірім сұраған әйел.

 

Видеоны көрген желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың бұл әрекетін түсінбей дал болды. Бірі келіншекті кінәласа, екіншісі ер кісіні сөгіп тастады.

«Сорлы», «Мына жігіттің анасы, әпке-қарындасы жоқ па? Санасыз топас па?», «Қатынның басы жасамайды екен», «Қандай жиіркенішті», «Құдай сақтасын, мынау не пәле?», «Екеуіне де жетіспейді-ау» «Ұятсыз», «Жігітпін, еркекпін деп бірдеңені қатырып тастағандай, ұят мынау қылығың. Қазақ қызын сонша масқаралап! Отбасыңдағы мәселені өзара шешіп алсаң болады ғой. Сөзім жоқ», «Күйеуінің ақылы қысқа екен. Өз әйелін, балаларының анасының абыройын төгіп отыр», «Байсыз қалып кетемін деп отырған шығар. Соны мақтан етіп, түсіріп отырған еркек ез екен», «Басыңды кесіп алса да аяқты сүю дегенді түсінбедім. Балаларының шешесі ғой» деп жазды желі қолданушылары.

Бұл бейнежазба қашан және қай өңірде түсірілгені белгісіз. Тіпті күйеуі әйеліне кешірім бергені немесе бермегені туралы да беймәлім.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.